Елімізде жылына 17 мыңнан астам нейрохирургиялық ота жасалады

  • 73
  • 04.05.2026, 19:49

Елімізде жыл сайын 17 мыңнан астам нейрохирурургиялық операция жасалады. Жоғары технологиялық медициналық көмектің көлемі үш есе артқан. Клиникалық тәжірибеге заманауи тәсілдер белсенді енгізіліп жатыр.

Әлемнің 20-дан астам елінен келген жетекші мамандар Алматыда өткен халықаралық конференцияда бас қосты. Дәрігерлер ми ісігі, бас ми жұлын ісігі, эпилепсия, дамуында туа біткен ақаулар мен басқа да да ауыр дерттерді емдеу жолдарын бірге талқылады.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, елімізде балаларға медициналық көмек көрсетудің көп деңгейлі жүйесі қалыптасқан. Конференция барысында Алматы қалалық  қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен шетелдік жетекші медициналық орталықтары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Данияр Сәбденәлиев, №2 балалар ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

- Медицинада емдеу жолдары да бір орында тұрған жоқ. Сол себептен «протокол лечение», - дейді ғой. Емдеу әдістері қандай болып жатыр? Еуропада қандай? Израильде қандай? Соны Қазақстанға енгізеді деп үміттенемін. Біздің аурухананың статистикасын алғанда мыңнан аса науқас баланы емдейміз. Жылына соның 600-500-не операция жасалады, күніне 2-3 отадан жасап тұрамыз.