Алматыда ЖРВИ жұқтырғандар саны бір аптада 9%-ға өсті

  • 4
  • 18.09.2026, 18:36

Қазақстанда тұмау және бұрын белгісіз болған жаңа респираторлық анықталған жоқ. Күзгі маусым басталғалы жедел респираторлық-вирустық инфекция таралуы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 2 есе аз тіркелді. Мұны денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Алматыда 7 күнде тыныс алу жолдарын зақымдайтын ауруға 19 мыңға тарта адам шалдықты. Бұл өткен аптамен салыстырғанда  9%  көп. Көбіне 14 жасқа дейінгі бала ауырып жатыр. Мамандар жеке гигиенаны сақтап, ауру белгісі байқалған жағдайда адам көп жиналатын орынға бармауға кеңес береді. Сондай-ақ Алматыда тұмаудың алдын алу үшін вакцинация басталды. Екпе ең алдымен жүкті әйелге, созылмалы ауруы бар адамға, медицина қызметкері мен әлеуметтік мекемеде тұратын азаматтарға салынады.