Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен өкпеге операция сәтті өтті. Оны Алматыдағы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында қытайлық мамандар жасады.
Харбиндік хирургтар шеберлік сабағы ретінде екі науқасқа көмектесті. Операцияға біздің дәрігерлер де қатысып, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ өзге өңірлерден жиналған мамандар монитордан бақылап отырды. Робот күрделі операцияны кішкентай тілік арқылы жасауға мүмкіндік береді. Бұл науқастың тезірек сауығып кетуіне ықпал етеді. Енді қазақстандық дәрігерлер жаңа технологияны толық меңгеру үшін Қытайға аттанады.
Сюй Шидун, Харбин медицина университеті онкологиялық ауруханасындағы Торакалдық хирургия бөлімінің меңгерушісі / Қытай:
- Роботтың көмегімен операция жасау дәрігерлердің мүмкіндігін кеңейтеді. Бірақ робот хирургті алмастыра алмайды. Ол тек дәрігердің көмекшісі. Операция кезінде барлық әрекетті хирургтің өзі басқарады. Мұндай технологияны қолдану үшін арнайы дайындық қажет. Бұл әдіс Қазақстанда да кеңінен қолданылып, көп науқасқа көмектеседі.
Жасұлан Ибраев, ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы Өкпе хирургиясы бөлімшесінің жетекшісі:
- Қазақстан медицина саласында, денсаулық сақтау саласында тарихи сәт. Болашақта әрбір өңірлерде осындай роботтар қолданылады деген ойдамыз. Қазіргі таңда Сызғанов институтында, одан бөлек мен білетін Түркістан облысында осындай роботтармен кеудеішілік ағзалар емес, құрсақ қуысындағы ағзалар. Асқазанға, урологиялық операциялар жасалып жатыр.