Биыл екі өңірде су тапшы болуы мүмкін

  • 6
  • 09.06.2026, 19:46

Биыл Түркістан мен Қызылорда облыстарында су тапшы болуы мүмкін. Сондықтан шаруа қожалықтарына суды үнемдеу тапсырылды. Бұл жайында түнеугүні Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Мамандар егер әр азамат суды үнемдеуді үйренсе, жыл сайын 260 млн текше метр ауызсуды үнемдеуге болатынын айтып отыр. Сол себепті халық арасында тіршілік нәрін ұқыпты әрі ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізіп келеді.

Қазақстанның су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді. Бұдан басқа, 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеу жөніндегі жол картасы іске қосылған.

Полат Ермахан, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ақпараттық-талдау орталығының жоба жетекшісі:

- Елімізде су мәселесі үш бағытта қарастырылады. Оның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және ауыз су саласы бар. Ауыз су саласы оның 10 пайызын құрайды. Сіз тіс жуған кезде, мысалы, кранның орнына стақан пайдаланатын болсаңыз, 6 мың 300 литр су үнемдей аласыз. Сонымен қатар, егер сіз ваннаның орнына душ қабылдайтын болсаңыз, 15 мың 600 литр су үнемдей аласыз.