Елде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 9% артып, 47 пайызға жуықтаған. Өсімнің негізгі драйверлерінің бірі - машина жасау саласы. Биылғы жеті айда Қазақстанда 96 мыңнан астам автокөлік шығарылған. Бұдан бөлек, 84 кәсіпорын іске қосылып, 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылыпты.
Алғашқы жартыжылдықта жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектор арасында 466 млрд теңгеге ұзақ мерзімді келісімдер жасалды. Тек қаңтар-шілде айларында 18,8 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, арнайы экономикалық аймақтарға 11,1 трлн теңге инвестиция тартылған.