Ұлттық қордағы қаржы оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды. Оның есебінен әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ұзақмерзімді тиімділігі бар жобалар қаржыландырылады. Қордың тиімділігі келер ұрпақ игілігі үшін нақты нәтижеге қол жеткізумен өлшенуі тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Ұлттық қордың пайдасын балаларымыз көріп отыр. Олардың есепшотына қомақты қаражат аударылып жатыр. Келешекте өскелең ұрпаққа қызмет ететін заманауи, сапалы инфрақұрылымды дамытуымыз керек. Басқаша айтқанда, еліміздің алдағы ондаған жылдар, тіпті ғасырлар бойы дамуына берік негіз қаланады. Мемлекетіміздің іргесі де осы игі істердің арқасында беки түседі. Бұл мәселеге Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда кеңірек тоқталамын.
Әйгерім Бахтиярова, саясаттанушы:
- Ұлттық қор ресурсын тиімді пайдалану дегеніміз – ең алдымен, халыққа пайдасы тиетін, нақты нәтиже беретін жобаларды жүзеге асыру. Мемлекет басшысы халық игілігіне бағытталған жобаларды меңзеп отыр деп ойлаймын.