Дей тұрғанмен, айлық баға өсімі 0,6%. Бұл былтырғы тамыз айындағы көрсеткіштен 0,4 пайызға кем.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2025 жылғы ақпан айынан бері инфляцияның баяулауы тұңғыш рет бір таңбалы санға жетіп отыр. Бұл ретте жанар-жағармай нарығын біртендеп либерализациялау және коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеруге мораторийдің аяқталуы сияқты факторларға қарамастан, жалпы инфляцияның баяулауы жалғасуда. Оған негізгі себептер ретінде Үкімет Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігінің шараларын айтады. Ол бағаның өсуін тежеу, макроэкономикалық тұрақтылық және тағы сол сияқты кешенді қадамдарды қамтиды.
Тамызда азық-түлік инфляциясы 0,6% дейін төмендеп, 9,5% құрады. Айталық, өткен айда ол 10-нан жоғары болған. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір жыл ішінде 7,4% дейін төмендеп, тамызда 2,1% көрсетті. Былтыр тамызда бұл санаттағы өнімдердің инфляциясы 9,5% еді. Жылдық инфляцияның төмендеуіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесін 19-дан 31-ге дейін кеңейту және 15 пайыздық шекті сауда үстемесіне қатаң бақылаудың арқасында қол жетті.
Бидәулет Серіков, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің басқарма басшысы:
- Тамыз айында бағаның төмендеуі негізінен маусымдық жеміс-көкөніс өнімдеріне қатысты болды. Бір айдың ішінде азық-түлік тауарларының 46 позициясы бойынша баға төмендеді. Атап айтқан кезде ол көкөністер мен бақша өнімдері, жемістер-жидектер, ет және балық өнімдері, сүт өнімдері және балалар тағамы.