Елімізде 5,5 млн гектар жер мал жаю үшін жергілікті халыққа берілді. Тағы 8 млн гектар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге конкурс негізінде ұсынылді. Осылай 13,5 млн гектар жер қайта бөлінді.
2022 жылдан бері мемлекет меншігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы 15,5 млн гектар жер қайтарылды. Бұл жұмыстар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатыр.
Бос жатқан жерлер ғарыштық мониторинг және геосараптама арқылы анықталды. Биыл 2024 жылы басталған 34 ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру аяқталады. Олардың нәтижелері өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында қолданылуы тиіс.
Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу үлесін 40% жеткізу жоспарланды. Қазір бұл көрсеткіш шамамен 22% құрап отыр.