Енді елімізге сырттан алма әкелуге болмайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі импортқа шектеу жыл соңына дейін уақытша енгізілгенін хабарлады. Құжат кеше күшіне енді. Оған сәйкес, алманы көліктің кез келген түрімен үшінші елдерден Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынды.
Алайда қыркүйекке дейін жөнелтілген және еліміз арқылы транзитпен өтетін өнімге шектеу қойылмады. Мамандар бұл шара отандық өндірушілерді қолдауға және олардың өнімін тұрақты өткізуге бағытталғанын айтты.