Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25% дейін төмендетті

  • 25
  • 04.09.2026, 19:31

Несие алатындар үшін жақсы жаңалық болды. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25% дейін төмендетті. Бұл шешім елдегі баға өсімінің біртіндеп бәсеңдеуіне байланысты қабылданды.

Тамызда жылдық инфляция 9,8% дейін түсті. Азық-түлік бағасының өсу қарқыны да баяулады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, теңгенің нығаюы шетелден әкелінетін тауарлардың қымбаттауын тежеуге ықпал етіп отыр.

Бірақ бағаның қайта өсу қаупі бар. Бұған ішкі сұраныстың артуы, жанар-жағармай мен коммуналдық қызметтер бағасының өзгеруі әсер етуі мүмкін.