Қазақстанның жалпы ішкі өнімі соңғы 7 жылда 29%-ға артты

  • 11
  • 24.09.2026, 18:32

Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына кірді. Соңғы 7 жылда жалпы ішкі өнім 29 пайызға артты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында мәлімдеді. Алтын-валюта резерві және Ұлттық қор активтерінің көлемі 138 миллиард доллардан асты. Осы кезеңде елімізге 162 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды.  Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асты. Қазақстанда жыл сайын 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын-үй бой көтереді. 2019 жылдан бастап, 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті. 1200-ден астам денсаулық сақтау нысаны ашылды.

Бауыржан Ысқақ, экономист:

- 162 миллиард доллардан астам инвестиция тартылуының өзі бұл еліміздегі инвестициялық әлеуеттің сақтадып, одан әрі динамикалық бағытта дамып келе жатқаны. Сонымен қатар, келесі кезеңде инвестиция көлемінен гөрі оның сапалық бағытына қарай көшуіміз маңызды. Инвестиция жаңа жұмыс орындарын ашты ма, технология әкелді ме деген сұрақтарға жауап ала алуымыз керек.