Астана – болашақ Дубай. Сингапурде өткен конференцияда америкалық IT-стратег Баладжи Шринивасан Қазақстан астанасын жоғары бағалап, оның әлеуетін Дубай және Сингапурмен салыстырды. Ол: «Астананы көрікті де, таза елорда», - деп атады. Сондай-ақ халықаралық инвесторларды Alatau City перспективаларына назар аударуға шақырды.
«The Network State Conference 2026» халықаралық конференциясы жаһандық технология мен криптоиндустрия өкілдерінің басын қосты. Шринивасан Alatau City-дің инвестициялық мүмкіндіктеріне де ерекше назар аударуды ұсынды. Оның бағалауынша, жобаның әлеуеті зор және халықаралық бизнес қауымдастығын қызықтыра алады.
Баладжи Шринивасан, The Network State кітабының авторы, Network school негізін қалаушы:
- Мен Қазақстанмен қатты шабыттандым. Сіздер ол ел туралы әлі көп естисіздер. Бұл қайдан шыққаны белгісіз Сальвадор сияқты. Кенет оның керметін бәрі айта бастады емес пе?. Немесе соңғы 5 жылда айқын таныла бастаған Сингапур, Дубай сияқты. Қазақстанның уақыты келді.