Былтыр бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану 10 есе артқан
Бұл жайында Есеп комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Отырыста елордада жүргізілген тексерудің қорытындысы да айтылды. Сонымен өткен жылы елордада 64 нысан 16 аудиторлық және 3 сараптамалық талдаудан өткен. 64 млрд 878,6 млн теңгенің жөн-жосықсыз пайдаланылғаны анықталды. 87 лауазымды тұлғаға 8,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Нұрлан Нұржанов, Есеп комитетінің мүшесі:
- Аудиторлық шараны жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жариялық, ашықтық мәселесіне де көңіл бөлеміз. Бұл негізінен біздің Есеп комитеті тарапынан дайындалған және мемлекеттік органдарға берілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуын интернет ресурстарға ілу жоспарланып отыр.