Мұнай бағасы 7% өсті
Ал WTI 6% қымбаттап, баррелі 33 доллар болды.
Өткен жұмада ОПЕК елдері мұнай өндіру көлемі бойынша келісімді ұзартуды талқылап, ортақ шешімге келе алмады. Соның салдарынан мұнай бағамы күрт төмендеді. Goldman Sachs сарапшылары биыл ІІ және ІІІ тоқсанда Brent 30 долларға, ал WTI 28-29 долларға дейін арзандайды деп болжауда. Ал Халықаралық энергетика агенттігінің есебінше, мұнайға сұраныс тәулігіне 90 мың баррельге дейін азаяды. Оған себеп – коронавирус. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай соңғы рет 11 жыл бұрын болған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, биыл алғашқы тоқсанда қара алтынға сұраныс тәулігіне 2,5 млн баррельге азайды.