Сбербанк Қазақстан жүйесі мен банктың барлық бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Банк клиенттерінің қаражаттары сенімді түрде қорғалған. Сондай-ақ клиенттердің өз есепшоттарына алаңдауына негіз жоқ.
Сбербанкте шоттардан ақша шешіп алу және оларды толықтыру операциялары шектеусіз жүргізілуде. Бұл қызметтерді кеңселерде, банкоматтар мен Sber KZ және SberBusiness мобильді қосымшаларында алуға болады. Сондай-ақ банкте валюталарды кез келген көлемде ауыстыруға мүмкіндік бар.
Ильяс Санияров, Cбербанк Қазақстан клиенті:
- Маған бір минуттан да асқан жоқ карточкамды тез толтырып берді. Бәрін толтырып, жақсы жасап берді. Сбербанкте карточканы ашқаннан бері ешқандай проблема болған жоқ. Бастысы, елімізде тыныштық болса болды. Есепшотқа уайымдаудың қажеті жоқ.
Сбербанкте тауар ақысын төлеуге, төлем жүйелерінің пластикалық карталарымен аударымдар және операцияларды жүзеге асыруға болады. Ал, банк клиенттерінің жинақтары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры тарапынан қорғалған. Сонымен қатар Банк жеке тұлғаларға несие беруді жалғастырады.
Вячеслав Пак, Cбербанк Қазақстан клиенті:
- Банктегі есепшоттарыма қатысты қандай да бір алаңдаушылық болды. Бірақ банкке келгенде барлығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанына көзім жетті. Барлық қызмет түрлері еш кедергісіз жасалуда.
Қазақстанда 15 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан Сбербанк еліміздегі ірі банктердің үштігіне енеді. Қаржы ұйымы «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының ресми операторы саналады. Айта кету керек, Сбербанк Қазақстан «Баспана хит» бағдарламасының аясында ипотека беру бойынша абсолютті көшбасшы атанған болатын.
Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев