Азық-түлік инфляциясы 20,5% жетті
Жыл басынан бері елдегі азық-түлік инфляциясы 20% асты. Нарықта жұмыртқа, өсімдік майы, күріш сияқты тауарлардың бағасы негізсіз өскені байқалады. Мәселен Семейдегі құс фабрикалары он жұмыртқаны 360-380 теңгеден сатса, бұл баға тұтынушыға жетем дегенше 600 теңгеге өскен. Сондай-ақ шаруаларды субсидиялау екі есеге артса да, олар бағаны 20% көтеріп жіберген. Осыған байланысты Әлихан Смайылов сала мамандарына шарықтаған баға мәселесін майшаммен қарап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Бірнеше рет айналым схемасын 100 млрд теңгеге дейін жеткізуді айттық, тапсырдық. Алайда алты өңір осы уақытқа дейін тапсырманы орындаған жоқ. Бұл әкімдіктердің әлсіз жұмысының және Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері тарапынан үйлестірудің жеткіліксіздігінің көрсетіп отыр. Аталған өңірлер әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын. Сауда комитеті үйлестіру жұмысын жіберіп алды. Сауда және интеграция министрлігіне осы бағытта жетекшілік ететін лауызымды тұлғаларды тәрітптік жауапкершіліктке тартуды ұсынамын. Сауда комитетінің төрағасын жұмыстан босату керек.