Хабар телеарнасы

Сұйытылған газ қымбаттайды

Қазақстанның кей өңірлерінде газ құю бекеттерінде сұйытылған газ шамамен 5-10 теңгеге қымбаттайды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі берген мәліметке сүйенсек, Алматыда көгілдір отын 65-75 теңге, Алматы облысында 70-75 теңге болады. Шалғай елді мекендерінде 80 теңгеге жетуі мүмкін. Шығыс Қазақстанда 60-70 теңге, Солтүстік Қазақстанда 70-75 теңгеге дейін өседі. Орталықтан алшақ орналасқан газ құю бекеттерінде 80 теңгеге жетеді. Абай облысында 60-65 теңге аралығында болады. Ал шалғай елді мекендерінде көгілдір отынның литрі 75 теңгеден саудаланбақ. Бұл жоба 17 сәуірге дейін электронды үкімет порталында қоғам талқысына салынады. Өзге өңірлерде газ бағасы өзгеріссіз қалады.