Үкіметте Инвестициялық штаб отырысы өтті
Жыл басынан бері 8 айда негізгі капиталға 9,6 трлн тг инвестиция салынды. Бұл туралы Үкіметте Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында мәлім болды.
Бұл қаражаттың көп бөлінгі тау-кен өнеркәсібі, жылжымайтын мүлік секторы, көлік және қоймалау, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіне тартылған. Алайда бұл жылдық жоспардың 52% ғана. Үкімет басшысы жыл соңына дейін ең кемі 18,5 трлн тг инвестиция салынуы қажет екенін атап өтті.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Келесі жылға кетіп жатыр. Сонда биыл ешқандай ірі инвестициялық жоба іске қосылмайын деп тұр ғой. Ешқандай нақты нәтиже жоқ. Келесі жылы, келесі жылы дейсіз. Келесі жылы керек емес. Бізге қазір керек. Биыл керек. Халыққа қазір керек результат. Жұмыс орны қазір керек.