Алматы қаласында коронавирус инфекциясынан тағы алты науқас сауығып шықты

Олардың бесеуі ‒ әйел адам, біреуі ‒ ер адам.
Екеуі 16 наурызда Стамбұлдан келген, екеуі 10 наурызда Мәскеу ‒ Алматы рейсімен ұшып келген, біреуі 13 наурызда Берлиннен келген және біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Қазіргі уақытта Алматыда жазылып шыққандардың саны ‒ 19 адам.
Олардың барлығы 14 күндік үй карантині режимін сақтауда.