Әскери дәрігерлер өздерінің азаматтық әріптестеріне ортақ ниеттерін білдіруде

Талдықорғанда және Үшаралда орналасқан госпитальдар мен емханалар тұрғындарды қабылдауға қайта бейінделеді. Сондай-ақ әскери қызметшілер елді мекендердің аумағын зарарсыздандыруға да көмектесуде.
ҚР-да төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап Қорғаныс министрлігінің биологиялық қорғау бөлімшелері 27 қалада 3 700-ден астам әлеуметтік маңызы бар нысандарда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.
Әскери қызметшілер бақылау-өткізу бекеттерін күшейтуге де жұмылдырылған.