Қарағанды облысында қоғамдық ахуал тұрақты
Қоғамдық тәртіп бұзушылық жоқ.
Ұлттық банктің Қарағанды филиалының ақпараты бойынша банкоматтарды қолма-қол ақшамен толықтыру мәселесі шешілген. Осыған қарамастан облыста түнгі 23:00-ден таңғы сағат 07:00-ге дейін коменданттық сағат сақталады. Сондай-ақ тәулік бойғы бақылау бекеттері жұмыс істеп тұр.
Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, төтенше жағдай режиміне байланысты интернет желісінде уақытша кідірістер сақталады.