Елордада «Шаңырақ» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

  • 1284
  • 29.11.2022, 18:23

Әр өңірден 200-ден асатын материал онлайн жіберіліпті. Шешуші кезеңде 45 журналистің арасынан 15-і оза шауып, жиынға шақырту алған. Олар жүлделі орындар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Осы байқауда «Хабар» агенттігінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Нұрлан Жақыпбеков та жүлдегер атанғанын атап өтейік. 

Кристина Гринько, 1-орын иегері:
-Осындай ерекше сыйға ие болдым. Құдайға шүкір. Өте қуаныштымын. Бәріміз бір аспанның астындамыз ғой. Ендеше бәріміз тату-тәтті өмір сүрейік. Бізде YouTube канал. Әрдайым қазақ тілінде сұхбат алудамын. Сол сұхбат арқылы алға шықтым.