Хабар телеарнасы

Қазақстанда әйелдердің құқығы мен теңдігі барынша қорғалып отыр

Қазақстанда әйелдердің құқығы мен теңдігі барынша қорғалып отыр. Бұл туралы  Бейжін Декларациясы мен Іс-Қимыл платформасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жиында айтылды.  Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ең алдымен әйелдердің теңдігін қамтамасыз етіп отырған Ата заңды  атап айтты. Сондай-ақ еліміздегі Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның жұмысы да – Бейжін декларациясының бір көрсеткіші. Былтыр ғана қабылданған Әйел құқығы мен балалардың  қауіпсіздігін қамтамасыз  ететін де  заң бар. Орталық Азия елдерінің көшбасшы әйелдері бас қосқан кездесуде әйелдерді қорғау - отбасынан, күнделікті көзге көрінбейтін сый-құрметтен басталатыны сөз болды.

Камила Тұяқбаева, БҰҰ-ның  Қазақстандағы  жастар кеңесінің төрағасы:

- Жыл сайын 400-дей әйел қаза табады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан  деген статистика бар. Біз тіпті оған да ешқандай мән бермей, норма ретінде көріп үйреніп қалғанбыз. Сондықтан, зорлықпен күресу, әйелдер теңдігі үшін күресу, бұл өте кішкентай нәрселерден басталады.