Жетісу облысының Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Сағымбеков пара алғаны үшін сотталды. Ал «Талдықорған акционерлік көлік-электр-желілік компаниясының» басқарма төрағасы Күзембаев пара бергені үшін жауапқа тартылды. Лауазымды тұлға Сағымбеков тарифті негізсіз көтергені үшін 500 мың теңге пара алған, ал Күзембаев – пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Талдықорған қалалық соты Сағымбековке 15 млн теңге, Күзембаевқа 10 млн теңге айыппұл салды. Екеуіне де мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынады. Сот актісі заңды күшіне әлі енген жоқ.