Шымкентте «Таза бейсенбі» акциясы аясында 1,5 тонна қоқыс жиналды

  • 42
  • 03.07.2025, 18:13

Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясында 1,5 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды. Еңбекші ауданы аумағында ұйымдастырылған эко науқанға «AMANAT» партиясы филиалының өкілдері мен «Еңбек жасағы», коммуналдық сала жұмысшылары қатысты. Жалпы 70 адам жұмылып, қураған ағаш бұтағын қырқып, сарғайған шөпті орды. Ирригациялық жүйені ашып, аяқжолдарды сыпырып, ретке келтірді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жыл басынан бері тазалық акциясы 25 рет өткен. Нәтижесінде 23 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы полигонға шығарылған. 

Жансұлу Сихамбекова, «AMANAT» партиясы «Еңбек» бастауыш партия ұйымының төрайымы:

- Мәдениет тазалықтан басталады. Таза жерге бала ешқашан мусор тастамайды. Сондықтан мектептің айналасы таза болса, бұл балаларға да үлкен тәрбиелік мәні бар деп ойлаймын. Бірінші кезекте біздің міндетіміз тек қана тазалау емес, бұл насихаттау.