Астанадағы мейрамханада өрт шықты

  • 49
  • 03.07.2025, 18:34

Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан мейрамхананың ас бөлмесінде табадағы май жанған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары хабарлады. Сөндіру жұмыстарына көк түтін, тар өткелдер мен тұрақтағы жекелеген көліктер кедергі келтірген. Жауаптылар 17:13-те өрттің толық сөндірілгенін, зардап шеккендердің жоқтығын мәлімдеді.