Ақмола облысының Қосшы қаласында төрт түлікті асылдандыру тақырыбында халықаралық семинар өтті. Мамандар ғылыми байланысты нығайту арқылы етті бағыттағы мал санын арттыруға ниетті. Сондай-ақ маман дайындау, технологиялармен алмасу, бірлескен ғылыми жорбаларды іске асыру мәселелері пысықталды.
Мал шаруашылығын асылдандыру әрқашан өзекті тақырып. Қазақстан оны 2010 жылдан бастап Үкімет деңгейінде қолға алды. Бүгінде 27 мың шаруашылық 900 мыңнан астам асылтұқымды сиыр өсіруде. Алайда бұл біздегі бүкіл ірі қараның шамамен 12 пайызы ғана. Демек әлеуетті әлі толық пайдаланып жатқан жоқпыз. Бүгінгі семинарда осы бағыттағы жұмысты жандандыру мәселелері пықыталып, біздің ғалымдар жеткен жетістіктер таныстырылды.
Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Генетиканы дамыту үшін ғылми бағыт керек. Келешекте малдың қандай болатынын, қаншалықты оның салмақ беретіні. Егер ет бағытында болса, егер сүт бағытында болса, қаншалықты сүт беретінін біздің ғалымдар зерттеп жатыр.
Қойдың жаңа тұқымы таныстырылды
Міне, мына тоқтылар қазақстандық ғалымдар шығарған сондай жаңа өнімнің бірі. Ол өзіміздің Еділбай қойлары мен еуропалық тұқымды бұдандастыру арқылы шығарылған. Ерекшелігі – тез өседі, құйрығы жоқ, бірақ бойына нәрлі етті көп жинайды. «Бұл әлемдік нарықтың сұранысы бойынша жасалған», - дейді мамандар.
Болат Сейсенов, Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығының басқарма төрағасы:
- Қандай қошқар алу керек екенін ғылым айтуы тиіс. Сырттан барып, кез келгенін ала салуға болмайды. Егер қой шаруашылығын бұрынғыдай ескі тәсілмен жүргізе берсек, еттің бағасы келісі 3–3,5 доллардан аспайды. Ал біздің жобамыз арқылы 7–8 доллардан сатуға болады.
Жаңа тұқым түрін табу мен бірден жетістікке жетпейсің. Оны өндірістік жолға қою үшін заманауи технология қажет. Қосышыдағы орталық франциялық құрылғыларды қолдануда. Бүгінгі семинарда осы ынтымақтастықты нығайту, жаңа тұқымды бізге жерсіндіру, азықтандырудың заманауи тәсілдері, маман дайындау бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Ердәулет Ыбырайұлы, Мұхаметәлі Тілдебаев