Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы іске аса бастады

  • 7
  • 19.12.2025, 18:47

Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы іске аса бастады. Президент тапсырмасына сәйкес, бүгінде 17 облыста ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында 42 су қоймасы салынып, 37 су қоймасы қайта жаңғыртылады. Сондай-ақ 14 мың шақырым канал жөнделеді. Қызылағаш, Шар және Астана су қоймаларындағы ірі жобалар аяқталды. Биыл 1 миллион 200 мың гектар алқапты суаруға 11,1 миллиард текше метр су пайдаланылған. Сонымен қатар су заңнамасын бұзу деректері екі еседен аса өсіп, айыппұлдар 146,7 миллион теңгеге жеткен. 

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

-2025 жылы салада белсенді жұмыс жалғасуда. 145 жоба іске асырылып, шамамен 300 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Астана қаласының негізгі ауызсу көзі болып табылатын Астана су қоймасын ауқымды тазалау жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды.