Жаңа 2026 жыл: мерекелік бағдарламаны ұсынамыз!

Жаңа 2026 жыл: мерекелік бағдарламаны ұсынамыз!
  • 13
  • 30.12.2025, 06:00

Құрметті қазақстандықтар!

Жаңа жыл құтты болсын! Келе жатқан 2026 жыл әр жанның жүрегіне жылулық сыйлап, әр отбасыға шаттық пен береке еселесін!

Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет! Келер жылы «Хабар» телеарнасы сіздерді қызықты жобаларымен, тың туындыларымен қуанта түседі!

Осы орайда назарларыңызға жаңажылдық мерекелік бағдарламаны ұсынамыз!

Тұрар Ыдырыстың жеке ән кеші: 30 желтоқсан, 05:00

Қазақстандық орындаушы Тұрардың шығармашылығы қазіргі заманғы музыкалық жанрлар мен өмір және махаббат сияқты маңызды тақырыптарды қозғайтын терең, жан-жақты мәтіндердің керемет үйлесімін білдіреді.

Сіздерді Тұрарды танымал еткен ерекше шынайылық пен энергетикасына толы сүйікті хиттердің жанды орындауы мен жарқын шоу күтуде. 

Жаңажылдық топтама: 31 желтоқсан, 05:00 / 1-4 қаңтар 07:00

«Хабар» арнасы жылдағы дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында сіздерге мерекелік бағдарламалар әзірледі.

Мейрам күндері отбасылық фильмдер, қызықты жобалар, концерттік бағдарламалар, балаларға арналған базарлықтар эфир ажарын аша түседі.

 

 

 

 

   

«GRAND HOTEL KHABAR» жаңажылдық кеші: 31 желтоқсан, 9:00

Боран салдарынан рейстер тоқтатылып, жаңа жыл куні жолаушылардың барлығы бір қонақ уйге аялдауға мәжбүр. Оларды қандай қызықты оқиғалар мен тосынсыйлар күтіп тұр?

Picture background

«Жар-жар» фильмі: 30-31 желтоқсан, 21:45 / 16:40

Ұлыңа ақша жоқ кезде қалай сән-салтанатты той жасауға болады? «Келінжан» фильмін жасаушылардан авантюрлі романтикалық комедия.

Орташа тұрмыстағы отбасынан шыққан Али сүйіктісі Асылға үйленуге ұсыныс жасайды. Асыл - ауқатты шенеуніктің қызы. Қыз ұзатудың керемет сән-салтанаты Алидің ата-анасын таңғалдырып қана қоймай, тығырыққа тірейді. Абыройды сақтап қалу үшін олар бар мүмкіндігінен асып түсетін той ұйымдастыруға бел буады…


«Хабар» арнасынан жіберіп алмаңыздар!

Picture background

«Заманback» фильмі31 желтоқсан, 18:20

Азат өмірдегі сәтсіздіктерден қажыған. Қаржылық қиындықтар мен өз өміріне көңілі толмау оны ата-анасымен қақтығысқа әкеледі. Кенет ол ата-анасы әлі үйленбеген кезге тап болады. Тағдырын өзгерту мүмкіндігін көрген Азат олардың одағын бұзуға бел буады…
Өткенге араласу болашақты қалай өзгертеді?

«Заманback»
— тағдыр, таңдау және уақыт туралы әсерлі фильм.

 

«Cover Show 3» ойын-сауық бағдарламасы: 30 желтоқсан, 19:00

«Cover Show 3» ойын-сауық бағдарламасында түрлі буынға жататын және музыкалық бағыттары өзгеше музыканттар кездесіп, өздерінің өнерлерін көрсетеді. Жобада танымал әншілер мен ақындар көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерді жаңа интерпретацияда орындап шығады.

Ендеше 30 желтоқсан сағат 19:00-де бірге тамашалайық!

 

«Қызық премия-2025: 31 желтоқсан, 20:00 / 1 қаңтар 13:40 / 4 қаңтар 17:15

Жобаның авторлары әрі жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек өздеріне тән жеңіл ирония мен әзілге толы стильде бір жыл бойы ел назарында болып, жақсы көңіл күй сыйлаған тұлғаларды марапаттайды.

Жыл бойы ең көп талқыланған жұлдыздар, эстрада өкілдері, танымал саясаткерлер, сондай-ақ күтпеген жерден әлеуметтік желіде жұлдызға айналған тұлғалар аталған жобаның қатысушыларына айналмақ.

Ендеше жылдың үздік номинациясы кімге бұйырғанын 31 желтоқсан 20:00-де «Хабар» арнасынан көре аласыздар!

 

«Ғажайып түн» жаңажылдық шоу бағдарламасы: 31 желтоқсан, 22:00-23:50; 00:00-1:10 / 1 қаңтар 16:10

«Ғажайып түн 2025»жаңажылдық кеші – жанды музыка және әзілге толы. Қазақ шоу-бизнесінің жұлдыздары Жаңа жыл қарсаңында көрермендерді зерделі және интеллектуалды түрде қуантпақ. «Хабар» телеарнасында түрлі аспаптар жанды дауыста ойналып, еліміздің үздік әншілері ән шырқайды.

31 желтоқсан сағат 22:00-де «Хабар» арнасынын жаңажылдық шоу бағдарламасын тамашалаңыздар!  

Қайрат Нұртастың жеке ән кеші: 1 қаңтар, 20:00 

Қазақстан эстрадасының аңызы, миллиондаған тыңдармандардың сүйікті әртісі Қайрат Нұртас Жаңа жылда орасан зор жеке концертімен өз тыңдарманын қуантпақ. Бұл кеште әншінің тек ХИТ әндері ғана емес, жаңа әндері де орындалады. 

«Хабар» арнасынан жіберіп алмаңыздар! 

«Келінжан» толықметражды фильмі: 1 қаңтар, 22:00

«Келінжан» телехикаясының көп көрерменнің сұрауы бойынша «Келінжан» толықметражды фильмі жарық көрді. Үлкенді сыйлау, отбасын сақтап қалу, ауылда да тамаша өмір бар екенін дәріптеуді мақсат еткен телехикаяның фильмі одан әрі қуантпақ. Бұл туындының ерекшелігі – шынайылығында.

Ендеше отбасылық фильмді 1 қаңтар сағат 22:00-де бірге тамашалайық!

Нұржан Керменбаевтың «Қара бала» шығармашылық кеші: 1 қаңтар, 23:30 

«Қара бала» — Нұржан Керменбаевтың жүрекке жақын әндерге толы шығармашылық концерті.
Өнер мен сағынышқа, шынайы сезімге толы кешті бірге тамашалаңыз!

«The Voice Қазақстан» / ФИНАЛ / 2 қаңтар, 16:00 

«The Voice Қазақстан» – жай ғана әлемге танымал жобаның нұсқасы емес, бұл қазақстандық орындаушыларға арналған жаңа сахна, жас таланттарға жол ашатын үлкен мүмкіндік. Әрі көрермен үшін жаңа өнер иелерін ашуға себеп болмақ. Алдағы күзде жоба көрерменге «Хабар» арнасынан тың серпінмен, жаңа тыныспен жол тартпақ. 

Бағым Мұхитденованың авторлық концерті: 2 қаңтар, 19:30 

Бағым Мұхитденова – талғампаз талант, мега продюсер. Оның жүрегінен туған әр ән – нағыз хит трек.

 «KeshYou», Ерке Есмахан және т.б. эстрада жұлдыздарының өнер жолында айқын қолтаңбасы бар тәлімгер.

2 қаңтар сағат 19:30-да «Хабар» арнасынан Бағым Мұхитденованың ән кешін жіберіп алмаңыздар! 

 

КЕЛІНЖАН 2 фильмі: 2 қаңтар, 22:00

Көрермен асыға күткен «Келінжан-2» комедиясы арнайы «Хабар» арнасының көрермендеріне жол тартады.

Алматы облысы Бақбақты ауылында басталған туындының толықметражды фильмі Аққайнар ауылында түсірілген. Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, өмір мен өлім жайында ойларды жақсы әзілмен жеткізуге тырысқан.

Бізбен бірге болыңыз!

Ұлықпан Жолдасовтың «Өмір – өзен» концерті: 2 қаңтар, 23:35 

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің кавалері, әнші әрі композитор Ұлықпан Жолдасов – 43 жылдан бері кәсіби өнер саласында үздіксіз еңбек етіп келе жатқан дара тұлға.

Осы уақытқа дейін 400-ге жуық ән жазып, оның шығармаларын тек қазақ эстрада жұлдыздары ғана емес, шетелдік орындаушылар да жоғары бағалап, репертуарына енгізген.

Өмір мен өнер тоғысқан сырлы кешті бірге тамашалаңыз!