Әскери саладағы әйелдер мереке қарсаңында марапатталды

  • 29
  • 06.03.2026, 21:48

Халықаралық әйелдер күніне орай әскери міндетін мінсіз атқарып, кәсібилігімен танылған әйел әскери қызметшілер ведомстволық награда және алғыс хаттармен марапатталды. Бірқатарына әскери атақ мерзімінен бұрын табысталды. Мерекелік басқосуға Қарулы күштердің ардагерлері мен әскери қызметшілердің аналары да арнайы шақырылған. Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы мен «Жас сарбаз» балалар студиясының өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.    

Нұрғиса Исмағұлова, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы:

- Мен министрдің алғыс хатымен марапатталдым. Әскери оқу орындарының өкілдері ретінде қатыстық. Кез келген маман еңбегінің еленіп, бағаланғанын қалайды. Сондықтан бұл бізге одан әрі құлшына жұмыс істеуге бір талпыныс береді. Осы сәтті пайдалана отырып, әріптес әскери қызметші ханымдарды шын жүректен көктемнің шуақты мерекесімен құттықтағым келеді.