«Ара өсірушілер алдындағы берешек 147 миллион теңгеге жеткен. Сондай-ақ оны асылдандыруға арналған қолдау да тоқтап қалған. Соның салдарынан шаруалар шығынға баттық», - дейді.
Жамбыл ауданында тұратын Борис Пастух омарта ісімен 1996 жылдан бері айналысып келеді. Атасы мен әкесінен қалған кәсіпті жалғап, бүгінде ұлын да осы іске баулып жүр. Алайда соңғы жылдары бал арасын бағу барған сайын қиындап бара жатқанын айтады.
Мерей Бает, тілші:
-Омарташылар ара санын арттыру үшін асылтұқымды аналық арамен қоса осындай жәшіктерді сатып алады. Сол үшін мемлекеттен субсидия төленетін. Алайда соңғы жылдары тек өндірілген бал көлеміне ғана көмек қаржы төленетін болды. «Бірақ ол шыққан шығынды мүлде ақтамайды дейді», - ара асыраушылар.
Биыл Борис ара санын көбейту үшін 200 жәшік пен асылтұқымды ара сатып алған. «Бұған шамамен 4 миллион теңге жұмсадым», - дейді. Оның бір бөлігін субсидия арқылы қайтарса, қалғанын бал сатып өтейді. Алайда екі жылдан бері аймақтағы шаруалар мемлекеттен берілетін қаражатқа қол жеткізе алмай жүр. «Сондықтан барлық ауыртпалық өзімізге түсті», - дейді
Борис Пастух, омарташы:
-Бір ара ұясын сатып алуға 27–30 мың теңге жұмсаймыз. Жалпы бізде ара ұясынның саны 700-ге дейін жетеді. Бірақ соның өзінде мемлекеттен бөлінетін субсидияға қол жеткізу қиын. Сол қолдауға ие болсақ, омарта ісін ары қарай дамытуға мүмкіндік болар еді. Негізі бұл шаруашылық оңай емес — шығыны көп. Көп адам амалсыздан несие алып, кейін сол қарызды қайтара алмай жатады.
Қазір аймақта 400-ге жуық шаруа ара шаруашылығымен айналысады. Барлығын алаңдатқан ортақ мәселе – субсидияның жоқтығы.
Константин Кутасов, облыстық омарташылар қауымдастығының төрағасы:
- 2 жыл бұрын бізде 600-ден аса омарташы бар еді. Бірақ өткен жылы эпидемия жүріп, аралардың 80 пайызы қырылып қалды. Оларды қайта көбейту үшін үлкен қаражат қажет. Жергілікті билік бұл мәселені шешуге қол ұшын бермеді. Оған қоса субсидиядау жүйесі де қиындап кетті. Сондықтан біраз адам бұл кәсіпті тастап кетті.
Салаға жауапты ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары мәселенің барын растады. Олардың айтуынша, бюджет тапшылығына байланысты омарташыларға тиесілі субсидия уақытында төленбеген. Алайда 2 жыл бойы қордаланған қарызды биыл өтеп бермек.
Нышаналы Телеуов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
-Биылғы жылға бізге бюджеттен 6,8 млрд бөлініп отыр. Оның ішінде 2024 жылғы омарташыларға қарыз 114 млн теңгені құраған етін. Оны біз төлеп қойдық. Енді осы аптаның аяғында немесе келесі аптаның ортасына қарай өздерінің есепшоттарына түседі. Ал қалған 33 млн теңге 2025 жылғы қарыз келесі айдың 15-не дейін түседі.
Қолданыстағы субсидиялау ережесіне сәйкес, ара санын көбейткені үшін қаржы қарастырылмаған. Бұл омарташылардың қалтасына едәуір салмақ салып отыр.
Авторы: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә