Елордалық Neotech мектебінің оқушылары «Ізгілік толқыны» акциясына қосылып, үй жануарларына қол ұшын созды. Жеткіншектер арнайы панажайларға қажетті азық пен дәрі-дәрмек жеткізіп, жауапкершіліктің нақты үлгісін көрсетті. Жауаптылардың айтуынша, бұл жай ғана көмек емес, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген шынайы жанашырлығының көрінісі. Ал жоба аясында практикалық іс-шаралар кезең-кезеңімен жалғасады.
Дана Токкожина, Neotech Digital School директоры:
- Тағы да бір серіктестігіміз Вашингтон академиямен бірлесіп, біз мектебімізде үлкен қайырымдылық акцияларын өткізіп, Щучинск, Көкшетау қалаларының балалар үйіне көмектестік және бүгінгі таңда мектебімізде үлкен жоба – онкология ауруымен ауыратын балаларға көмек жасау жобасын жүзеге асырып отырмыз. Біз мектебімізде жанашыр тұлға, жауапкершілігі мол оқушыларды тәрбиелеуге тырысамыз.