Алматыда 1200 шақырымды жүгіріп өткен марафоншы дауыс берді

  • 5
  • 23.08.2026, 20:12

Марафон трассасынан сайлау уческесіне. 10 тамыз күні Астанадан шыққан атақты марафоншы Меңдібай Әлімғазинов Алматыға жетті. Жете салысымен Алатау театрындағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Спортшы тарихи сайлаудың маңызын марафон арқылы көрсетуді мақсат еткен. 

Астана тұрғыны 1200 шақырымды екі апта ішінде бағындырған. 58 жастағы азамат шәкірттерімен бірге жолға шығып, күніне шамамен 120-130 шақырым жүгірген. Астаналық желаяқ осылайша спортты дәріптеп, сайлаудың маңызды екенін жеткізгісі келген. Алатау театрында орналасқан 545-ші сайлау учаскесінің мүшелері мен қала тұрғындары спортшыны қошеметпен қарсы алып, қолдау көрсетті. 

Меңдібай Әлімғазинов, марафоншы:

- Осы бір жүгіріп көрейін, денсаулығым қалай екен деп. Жастарға үлгі болсын деп шықтым. Жолда барлығы қолдап отырды, су мен тамағамды беріп отырды. Жасым 58-ге келсе де күшіміз бар екен. Көмектескен халқыма көп рақмет.