Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен нәресте табылды

  • 6
  • 02.09.2026, 19:33

Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Гвардейск гарнизонының аумағындағы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте табылды. Оны қоқыс төгуге шыққан аудан тұрғыны байқап, полицияға дереу хабарлады.

Қазір тәртіп сақшылары аталған жайт бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын бастап, қылмыстық іс қозғады. Нәресте аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Күдікті әйел ұсталып, полиция бөліміне тапсырылды. Тергеу барысында ол кінәсін мойындап отыр.

Гүлсара Мұқтарқұлова, облыстық полиция департаментінің баспасөз орталығының жетекшісі:

- Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған күдікті әйел қысқа уақытта анықталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді және кінәсін мойындады. Жан-жақты әрі толық тергеп-тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.