Ал жазатайым оқиғалардың салдарынан 16 жұмысшы қаза тапқан. Бұл прокуратураның тексерісі барысында анықталды. Сондай-ақ медициналық мекемелердің 22 анықтамасы бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілмегендігі мәлім болды. Еңбек құқығының бұзылуына байланысты 1,5 мыңнан астам адамның өтініш-шағымы толық қаралмаған. Өндірістік жарақаттың алдын алу ісінде де олқылықтар бар.
Нұрсұлу Пряхина, облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы:
- Ауыр және өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар орын алған 9 кәсіпорын тиісті профилактикалық іс-шаралармен қамтылмаған. Осыған байланысты полицияның және Еңбек инспекциясы департаментінің ақпараттық базаларын ықпалдастыру мәселесін пысықтап, мәліметтердің тұрақты түрде салыстырылып отыруын қамтамасыз ету ұсынылды. Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы прокурорлық ден қою шараларын қабылдады.