Қазақстанда мұнай өңдеу қуаты артады. Премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Үкімет елдегі үш мұнай өңдеу зауытын кеңейтіп, тағы бір зауыт салуды көздеп отыр. Жоспар бойынша 2030 жылға қарай Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаты екі есеге ұлғаяды. Осылайша, өндіріс қуаты жылына 12 миллион тоннаға дейін жетеді. Атап айтқанда, Павлодар зауытының қуаты 9 миллион тоннаға, ал Атырау зауытының өндірісі 6,1 миллион тоннаға жеткізілмек. Нәтижесінде, үш зауыттың қуаты 17 жарым миллионнан 29 миллион тоннаға дейін артады. Премьер-министр Олжас Бектенов төртінші зауыт бойынша түпкілікті шешімді жыл соңына дейін қабылдауды тапсырды.