Елімізде 7 миллионнан астам баланың жеке есепшотына 2,5 миллиард доллардан астам қаражат аударылды. Бұл – «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының 3 жылдағы нәтижесі.
Бастаманың басты ерекшелігі – Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі өскелең ұрпақтың игілігіне бағытталады. Жиналған қаржыны жеткіншектер 18 жасқа толған соң баспана жағдайын жақсартуға не білім алуға жұмсаса болады.
Мемлекеттік қолдау мұнымен шектелмейді. Бүгінде 2 миллион 200 мың өрен тегін спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге қатысады.
Яғни бір жағынан келешекке қаржы жиналса, екінші жағынан бүгінгі дамуға жағдай жасалып жатыр. Түпкі мақсат – жас ұрпақтың қабілетін шыңдап, үлкен өмірге нық қадам басуына мүмкіндік беру.