Қарағандыда тұңғыш рет оқушылар арасында экономикалық олимпиада өтті
Енді олар кәсіпкерлермен кездесіп, кеңес алмақ. Сондай-ақ қаладағы 80 мектепте танымдық ойындар ұйымдастырылып, жобалардың байқауы өтеді. Айта кету керек, биылдан бастап мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» атты жаңа пән енгізілген болатын.
Ерсін Айтжан, оқушы:
- Бұл сабақта біз тек теорияны жаттап қана қоймай, сонымен қатар ой-санамызды дамытуға арналған түрлі ойынды ойнаймыз және сол арқылы біз өзіміздің бизнес, кәсіпкерлік туралы түсінігімізді молайтып, құштарлығымызды арттырамыз. Бұл олимпиадаға қатысқаным келешекте маған үлкен үлесін тигізеді деп ойлаймын.