Түркістан облысының оқушылары сабақтарын өз мектебінде жалғастырады
Мектеп құрылсының бір бөлігі осы аптада аяқталады деп жоспарланған. Яғни оқушылар келесі аптадан бастап сабақтарын өз мектебінде жалғастырады. Әзірше 440 бала көрші Сұлтан Рабат мектебінде екінші ауысымда дәріс алуда. Оқушыларды көрші ауылдағы мектепке арнайы автобус тасымалдайды. Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 9-ы болған қатты желдің салдарынан мектептің шатыры ұшып, ауладағы нысандар, қоршаулар мен жоғары кернеулі электр бағаналарына дейін құлаған болатын. Мұнда мектептің тек шатырын ғана емес, сынып бөлмелерін де жөндеуге тура келеді. Себебі шатырсыз қалған ғимараттың 3-қабатындағы сынып бөлмелеріне жаңбыр суы өтіп кеткен.
Күлзира Алтаева, Жыланбұзған мектебінің директоры:
- Аққан судың бәрі кебу керек. Біз құрылысшылармен келісіп, 3-қабаттағы әрлеу жұмыстарын көктемгі демалысқа қалдырып отырмыз. Шатыр бітсе, сабақты келесі аптада өз мектебімізде жалғастырамыз деп отырмыз.