Қарағандыда маммология орталығы ашылды
Емдеу мекемесі инвестордың жеке қаржысына салынған, жоба құны 306 млн теңге. Бірақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жұмыс істемек. Күніге 60 адамды қабылдауға қауқарлы. Ерекшелігі орталық әлемдегі ең озық технологиямен жұмыс істейді. Томосинтез аппараты қауіпті індетті ерте кезден анықтай алады.
Ержан Сүлейменов, компанияның бас директоры:
- 2020 жылы Қарағанды облысы бойынша 12 млн теңгеге үкіметтік тапсырыс алып отырмыз. Сүт безі обырын анықтау мақсатында маммография арқылы жүзеге асады. Цифрлық маммография және томосинтез аппараты осы орталыққа қойылған. Бұл – заманға сай жаңа технология. Ал томосинтезді Қазақстан бойынша бірінші рет әкеліп отырмыз.