Хабар телеарнасы

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6 адамға жетті

coronavirus

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны алты адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. Оның айтуынша, жұқтырғандардың бірі – Алматы қаласының 1958 жылғы тұрғыны, жеке кәсіпкер. Ол 10 наурызда Мәскеуден ұшып келген. Екінші адам Нұр-Сұлтаннан анықталды. Ол елордаға Варшавадан келген.