Көкшетауда бетперде тігіле бастады
Қалада бұрын-соңды болмаған мұндай кәсіпті жергілікті зауыттардың бірі қолға алған. Кәсіпорын әзірге тәулігіне 4 мың дана маска шығарады. Дайын өнім алдымен өз жұмысшыларына таратылса, одан соң шаһардағы ірі өнеркәсіп ошақтары мен әлеуметтік нысандарды қамтамасыз етпек. Ал алдағы уақытта сауда сөрелеріне де шығуы мүмкін. Аталған маска бірнеше мәрте қолдануға арналған.
Саян Боташов, кәсіпорынның инженері:
- Енді болашақта күніне 10 мың маскаға дейін тігуге мүмкіндігіміз бар. Қажет жағдайда жұмысшыларды 2-3 ауысыммен шығаруға болады. Сонда бір күнде 10 мың маска тігуге болатын жағдайға қол жеткіземіз.