Бағаны көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынады
Егер тұтынушыда маска болмаса, оған үлестіріп, вирустың алдын алу туралы түсіндіру парақшаларын таратуы керек. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасын көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Төтенше жағдай кезінде Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауда. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақтандырылады. Біз тамақ өнімдерін бағаларын көтеруге, алыпсатарлыққа салынуға жол бермеу үшін барлық күш-жігерімізді саламыз. Ол үшін құқықтар мен құралдар жеткілікті.