Атыраулық волонтёрлер медициналық маска дайындайды
Ол өнімдер әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тегін таратылады. Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы берген тізім бойынша волонтерлер тұрғындарға үлестіруді бастады. Артық қалса, әлеуметтік желі арқылы саттыққа шығарып, түскен қаражатты қайырымдылық жобаларға жұмсамақ. Әзірге 40 дана маска тігілді.
Асыл Дүзбаева, дизайнер:
- Жалпы біздің мақсатымыз қанша тіге аламыз, сонша халыққа тарату болды. Біз қоғамдық қорларға хабарласып, солар арқылы тарататын болып шештік. Өйткені мына жерде барлығына тарату мүмкін болмай кетті және үлгермей жатырмыз. Осы жағдайдан кейін тағы бір ой келді. Неге осыны челлендж қылып, әрі қарай жалғастырмасқа деген. Өйткені Атыраудың өзінде қанша ателье бар, шеберхана бар.