Шымкенттегі дәріханаларда қолдан тігілген бетперделер саудаланып жатқандығы анықталды
Оның айтуынша, қолдан тігілген бетперделердің көлемі мен сапасы арнайы стандартқа сай келмейді. Соған қарамастан, халық оларды жаппай сатып алуда.
Ләззат Қашқымбаева, Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Дәке таңғыштарды сатып алып тұрсақ, резеңкесі дұрыс емес. Оның өлшемі де келіспей жатыр. Медициналық дәкеден жасалғанның өзінде қалыңдығы келмейді. Оларды Экономикалық тергеу департаментіне жібермекшіміз. Сатып алған адамнан чегін аламыз. Чегі мен қолдан жасалған масканы сонда жібермекшіміз.