Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылды
Шаһарды жағалай 7 блокбекет орнатылған. Бұл жерлерде тәулік бойы жедел жәрдем қызметі, жол патрульдік полиция және әскерилер кезекшілік етеді. Қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылды. Ал шаһар маңындағы Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Қосшы, Жібек жолы елді мекендерінің тұрғындары қалаға еш кедергісіз кіріп-шыға алады. Оларға жұмыс орнынан немесе мекенжай анықтамасы қажет емес. Ал наурыздың 22-сінен бастап бас шаһарға ешкім кіре алмайды, сыртқа да шыға алмайтынын айта кету керек.
Мадияр Айтуғанов, Есіл аудандық полиция басқармасының бастығы:
- Қазіргі таңда 22 наурызға дейін барлығына барынша қалаға қайтып кіруіне мүмкіндік беріліп жатыр. Коронавируспен жолаушы келген жағдайда бұл жерде жедел жәрдем қызметкерлері көлікке отырғызып, ауруханаға апарады.