Танымал жұлдыздар барша жұртты дүрлікпеуге шақырды
Олар ақыл-кеңестері мен ақ жарма тілектерін әлеуметтік желі арқылы жеткізді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбаев бүкіл әлем қиын-қыстау кезеңді бастан өткеріп жатқанда, дүрлікпей, бірге болуды үндеді. Ал танымал футболшы Асқат Тағыберген отбасы амандығын тілеп, үйде отырып, үнемі спортпен шұғылдануға шақырды. Танымал жұлдыздардың бұл бастамасына разы болған желі қолданушылары жағымды пікірлер қалдырды.
Асылбек Боранбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Әркім өзіне, өзінің отбасына жауапкершілікпен қарайтын болса, барлық сақтану ережесін аса мұқияттылықпен сақтайтын болса, жақсы күнде кездесеріміз анық. Ендеше сабыр сақтайық. Мұны да жеңіп шығарымыз анық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Аспанымыз ашық болсын ағайын!
Асқат Тағыберген, «Қайсар» футбол клубының жартылай қорғаушысы:
- Қоғам назарын аудартқан коронавирус індетінен сақтанып, тазалық сақтап, өзіміздің денсаулығымызға және де өзіміздің отбасымыздың амандығына назар аударайық. Және де дене шынықтыру жаттығуларын жасауды ұмытпайық.