Әуежайдағы тәртіптік бақылау күшейтіледі
Үш науқастың бірі шетелден келген азаматтармен байланыста болған. Екінші науқас – 12 наурызда Берлин – Алматы әуе чартерімен ұшып келіп, карантиндік бақылауға алынған ұшақтың борт серігі. 1997 жылғы үшінші ер адам 19 наурызда Париж – Минск – Алматы рейсімен келген.
Алматы әуежайында тәртіптік бақылау күшейтіледі. Екі сағат сайын ғимаратта санитарлық тазалау өтеді. Қосымша екі өткізу бекеті қойылды. 19 наурыздан ішкі және халықаралық 205 рейс әуежайға келіп кетті. Ал 22 наурыздан барлық бағыт бойынша ұшып-қону мүлдем тоқтатылады. Ішкі рейстер тоқтатылды, бірақ жүк ұшақтары мен шетелден келетін ел азаматтары келе алады.