Хабар телеарнасы

Коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлерге алғыс білдірді

kstnews.kz

Солардың алтауы Қарасай ауданындағы инфекциялық ауруханасында жатыр. Науқастардың денсаулығы жақсы. Бірнешеуінің карантиндік режимі аяқталуға жақын. Қорытынды сараптама нәтижесі дұрыс болса, жазылып шықпақ.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері емделушілерді видеоға түсірді. Емдеу мекемесіндегі көрсетілетін қызмет сапасын, сырқаттанғандардың пікірін жазып әлеуметтік желі арқылы көпшілікке таратты.

Емделуші:

- Тамағы, қарауы, тазалығы – барлығы жақсы. Бәріне ризамын. Өзімнің атымнан алғысымды білдіремін. Осындай қиын уақытта медбикелердің еңбегі зор. Бұйырса, шығатын шығармын деп отырмын.