Хабар телеарнасы

Елбасы: Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ

Elbasy

Бүкіл әлемді жайлаған COVID-19 індетіне Қазақстан алғашқылардың бірі болып жұмыла бірікті. Осы тұрғыда Қазақстан халқына алғыс білдіре отырып Тұңғыш Президент еліміздің әлемдік аренадағы жетістіктерін санамалап, халықты осындай қиын кезеңде ел болып бірігуге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Әрине, қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ.

Елбасы пікірінше, Қазақстан дағдарыстан шығудың жолын табуға толығымен қауқарлы. Демек халықтан күтер үміт: бірігіп қадам жасау, жұмыла еңбек ету.